434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та вакциналау орталықтары көбейтілді

  • 60
  • UPD: 20:44, 13.01.2022
АҚШ-та вакциналау орталықтары көбейтілді

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Соңғы бір тәулікте дүние жүзінде 3 жарым миллионға жуық адамның ауырғаны анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл пандемия басталғалы ең жоғарғы көрсеткіш. Сарапшылар індеттің өршуін омикронмен байланыстырып отыр. Дертке шалдыққандар қарасы, әсіресе, АҚШ-та күн сайын артып келеді. Елдің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының хабарлауынш, соңғы аптада ковид диагнозымен ауруханаға түскендер саны 33, ал өлім-жітім 40 процентке өскен. Қазір Құрама штаттарда жалпы науқастардың 90 процентінен омикрон анықталып отыр. Індеттің өршуіне байланысты елде вакциналау орталықтары көбейтіліп жатыр. Калифорнияда бұл шараға әскерилер де тартылды.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Біз штатымызда 50 вакциналау орталығының жұмысын күшейту үшін 200 әскериді жұмылдырып жатырмыз. Жалпы апта соңына дейін Калифорниядағы ірі екпе орталықтарының саны 50-ден 80-ге дейін жеткізіледі.

БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА САЛУ ҚАРҚЫНЫ АРТТЫ

Жаңа штаммға байланысты Италияның Неаполь қаласының билігі 17 бастауыш мектепті вакциналау орталығына айналдырып, 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды егіп жатыр. Себебі аппенин түбегінде де омикрон тез таралып, дертке шалдыққан балалар қарасы да өсе түскен. Бірақ мамандар кішкентайлардың ауруы көбіне жеңіл түрде екенін айтады.

МҰҒАЛІМДЕР ІНДЕТПЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫНА НАРАЗЫ

Францияда мұғалімдер үкіметтің індетпен күрес шараларына наразылық танытып жатыр. Себебі үкімет жыл басынан балаларды тестілеу мен оқу орындарындағы санитарлық ережені бірнеше рет өзгерткен. Бұл мектептердің жұмысын тұралатып, тестілеу орталықтарында кезектердің көбеюіне әкелген. Осыған байланысты ұстаздар биліктен жақсы бетпердемен қамтамасыз етіп, сыныптардың желдету деңгейін бақылауды жетілдіруді сұрап жатыр.

Элизабет Аллен-Морено, мұғалімдер одағының хатшысы:

– Үкімет біздің талаптарымызға құлақ аспай отыр. Билік біз жағдайды сіздерге қарағанда жақсы білеміз індетпен күрес стратегиясы өзгертіліп, ахуал жақсарады дегенмен шектелуде. Біз мұнымен келіспейміз.

Авторы: Дәурен Ақашұлы

Хабар 24 телеарнасы