Африкада 10 млн адам вирус жұқтырды

Африкада коронавирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асып кетті. Пандемия басталғалы індеттен 230 мыңнан аса адам көз жұмған.

Мұнда да өзге өңірлердегідей омикрон тез тарап барады. Дерт құрлықтың 30 мемлекетінде анықталған. Мамандар вакиналау қарқынын арттыру қажеттігін айтады. Өйткені әлем халқының жартысы екпе салдырғанмен, Африкадағы вакцина алған тұрғындардың үлесі небәрі 10 процент көлемінде ғана.

Абу Салам Гейе, ДДСҰ-ның Африкадағы аймақтық өкілдігінің бөлім басшысы:

– Өткен аптада кісі өлімі оның алдындағы аптамен салыстырғанда, 64 процентке артты. Көз жұмғандардың көбі – осал топқа жататын азаматтар. Десе де кісі өлімінің көрсеткіштері коронавирустың алдыңғы толқындарымен салыстырғанда төмен болып отыр. Жағдайы ауыр науқастар саны да бұрынғыдай көп емес. Бірақ қалай болғанда да бізде вакциналау деңгейі өте төмен екенін айту керек. Иммундау қарқынын арттырмасақ, індеттің қазіргі төртінші толқынын еңсеру қиын болады.