Әлемде вирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 3 млн-нан асып кетті

Әлемде бір күн ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 3 жарым миллионнан асып кетті. Бұл пандемия басталғалы болып тұрған алғашқы жағдай.

Соңғы рет ең үлкен тәуліктік көрсеткіш өткен аптада расталған. Бірақ онда 3 миллионға жетпеген еді. Дертті болғандардың көбі АҚШ-та. Мұндағы науқастар арасында балалар көп. Бір аптада елде ауруханаға түскен жеткіншектер мен бүлдіршіндер саны 80 процентке артқан. Мамандар вирус жұқтыру оқиғаларының күрт артуын тез таралатын омикронмен байланыстырып отыр. Бүгінде ол біраз елде  басым штамға айналып үлгерді.

Ниса Эрнст, медбике:

– Ауруханаға түсіп жатқандар арасында әр түрлі жастағы адамдар бар. Еңбектеген сәбиден еңкейген қарияға дейін көруге болады. Бірақ, мәселен, бір ғана Мэриленд штатын алсақ, мұнда ауруханада жатқан науқастардың 84 проценті – екпе алмағандар. Сондықтан тағы да айтамын – вакцина салдырыңыздар! Препаратты тек өздеріңіз ғана емес, балаларыңызды да қабылдасын!

Сондай-ақ...