Украинада гиперинфляция орнады

Украинаны қымбатшылық қысып барады. Былтырғы жылдың есебінде өнеркәсіптік инфляция көлемі 62 процентке жетіп, 25 жыл бұрынғы рекордты жаңартқан еді. Жағдай бұлай кете берсе, тауар өндірушілер азық-түлікті, оның ішінде қант, сұйық май мен нан өнімдерінің бағасын 2есе, тіптен 3 есеге дейін арттыруы мүмкін.

Украина жылына 5 млн тоннадан артық тазартылмаған күнбағыс майын өндіреді. Осылайша мемлекет күнбағыс майын өндіруден әлемде бірінші орынға ие. Дей тұрғанмен, өткен жылы дәл осы күнбағасыстың елдегі бағасы бірнеше рет көтерілді. Оған, ең алдымен, өнеркәсіп саласындағы гиперинфляцияның артқаны сеп деп сараптайды мамандар. Сәйкесінше, сұйық майдан өзге де тауар бағасы жақын уақытта тағы да екі есеге дейін артуы мүмкін.

Андрей Блинов, экономист, ұлттық банк сараптамалық платформасының экс-координаторы:

– Небәрі бір жыл ішінде өнеркәсіптік инфляция 62 пайызға жетіп, рекордық көрсеткішті құрады. Бұл 95 жылы гиперинфляция уақытындағы жағдаймен тең. Дәл осы жылдары ұлттық ақша – гривнаны енгізгендегі көрсеткішпен теңесіп отыр. Негізгі себептердің бірі – тау-кен, оның ішінде көмір, газ бен мұнай бағасының құбылуына байланысты. Соңғы айларда Украинаның өнеркәсіптік кәсіпорындары отынның мың текше метрі үшін 1,5 мың доллар төлеуге мәжбүр. Сондықтан ел өндірушілері жағдай осылай жалғаса беретін болса тауар түрлері, оның ішінде қант, май және нан өнімдерінің бағасын екі немесе 3 есеге арттыратынын хабарлады.

Украина тұтыну нарығындағы инфляция өткен жылы жалпы 10 процентті құрады. Бұл туралы мемлекеттік статистика қызметі мәлімдеді. Сондықтан тауар бағасы көктемнен бері көтеріліп келеді. Барыс жылы да елдегі азық-түліктің бағасы бір орында тұрмайды, – дейді мамандар.

Андрей Блинов, экономист, Ұлттық банк сараптамалық платформасының экс координаторы:

– Украина ғана емес, әлемнің басқа елдерінде инфляция биыл да жалғасатын болады. Қазір ел экономистері 2022 жылы Украинадағы инфляцияны қалай тежеуге болады деген тақырыпты қызу талқылауда. Әзірге бағаны бір орында ұстау мүмкін болмай тұр. Украинада жақында ғана қант және күнбағыстың көлемі екі еседен артық, жұмыртқа 1,5 есеге өсім көрсетті.

Украина Ұлттық банкі 2021 жылы Ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 процентке дейін төмендейді,– деп мәлімдейді. Энергетика нарығындағы қолайсыз жағдай әлемдегі логистикалық проблемалары арттырып отыр. Бұл әлбетте, ел экономикасының қарқынын тежейтіні сөзсіз.

Аида Қыдырбай, Петр Борейко