АҚШ әскерилері медициналық дайындықтан өтіп жатыр

АҚШ-тың Висконсин штатында Ұлттық ұлан әскерилері арнайы медициналық дайындықтан өтіп жатыр.

Бұған аймақта медицина қызметкерлері мен ауруханалардағы орын тапшылығы себеп. Жергілікті биліктің хабарлауынша, өткен аптада 50 сарбаз қарттар мен үйде емделіп жатқан науқастарға барған дәрігерлерге көмектескен. Қазір тағы 80-ге жуық әскери арнайы дайындықтан өтуде.

Айта кетейік, аймақта бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 10-мыңға жуықтады. Нашар халде жатқандардың да саны артқан.

Карен Тимберлейк, Висконсин штаты Денсаулық сақтау департаментінің хатшысы:

– Денсаулық сақтау саласына үлкен ауыртпашылық түсті. Білікті маман мен бос орын тапшылығы пайда болды. Қазір ауруханалар 95 процентке толды.