Германиялықтар карантиндік шектеулерге қарсы шеруге шықты

Германияның Дрезден қаласында халық наразылық акцияға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға бой алдырғандар карантиндік шектеу шараларына қарсылығын білдірген. Шеруге шыққан ондаған адам бетпердесіз жүргені байқалады.

Шарадағы қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері тартылды. Ақпарат көздері ондаған заң бұзушылық тіркелгенін айтады.

Айта кетейік, қазір аймақтағы ережеге сәйкес 10 адамнан артық жиналуға болмайды. Ал биліктің айтуынша, жергілікті тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр.