Аргентинада орман өрті дес бермей тұр

Аргентинаның оңтүстігінде орман өрті өршіп тұр. Қызыл жалын Патагониядағы орманды алқапты шарпыды.

Өрт мыңдаған гектар жер телімін тып типыл еткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға қатты жел мен аптап ыстық кедергі келтіруде. Әсіресе, Мартин мен Штеффен көлдерінің маңындағы жағдай күрделі. Жергілікті билік табиғат апатынан елдің басты магистралін уақытша жауып тастаған. Ал өртті сөндіру үшін ондаған маман мен арнайы техника жұмылдырылды.