loader

Австралия Н.Джоковичтің визасын жойды

Австралия Н.Джоковичтің визасын жойды

Новак Джоковичтің визасын жою туралы шешімді Австралияның көші-қон істері жөніндегі министрі қабылдаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Австралия билігі әлемнің бірінші ракеткасы және «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джоковичтің визасын екінші рет жойды. Осылайша спортшының ашық чемпионатқа қатысатындай мүмкіндігі болмай барады. 

Елдің көші-қон істері жөніндегі министрі коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған спортшы қоғамға қауіп төндіретінін мәлімдеді. Джоковичті депортациялау мәселесі әзірге белгісіз. Ол Австралияға ашық чемпионатқа қатысу үшін келген болатын. Бұл турнир 17 қаңтарда басталады. Сондықтан уақыт өте тығыз.

Горан Джокович, Новак Джоковичтің ағасы:

– Новакқа қарсы болса, әуел бастан «келме» деп айту керек еді. Басында виза беріп, кейін қамауға алу әдейі құрылған бір тұзақ секілді. Олар оны шақырды, кейін тұзаққа түсірді.

Джоковичке қатысты дау ол Австралияға ұшып келген 5 қаңтарда басталды. Негізі вакциналауды міндеттеуге қарсы спортшы медициналық анықтамасының көмегімен ел аумағына кіруге және чемпионатқа қатысуға рұқсат алған. Бірақ әуежайды оны шекарашылар қамауға алып, кейін визасының күшін жояды. Өйткені Джокович елге екпесіз кіру мүмкіндік беру құқығына дәлел келтіре алмаған. Сөйтіп ол мигранттарға арналған қонақүйге жіберілді. Кейін бұл шешімге қарсы арыз беріліп, спортшы жаттығуға және жеребеге қатысуға рұқсат алды.

Крэйг Тили, Австралия теннис федерациясының президенті:

– Біз ешкімге кінә артпаймыз. Ақпарат қазір үнемі өзгеріп жатыр. Апта сайын ішкі істер орган, үкімет өкілдерімен сөйлесіп жатырмыз. Рас, барлық адам вакцина салдыруы керек. Түпкілікті жағдайдың қалай болатынын қазір нақты айта алмаймыз.

Кейін Джокович сауалнама қағазында Австралияға дейін ешбір елге бармадым деп көрсеткені әшкере болды. Ол Сербия мен Испанияға барған болып шықты. Сондай-ақ спортшы өткен жылдың аяғында ковидпен ауырып жүріп сұхбат бергені және бір журнал үшін фотосессияға түскенін де мойындап отыр.

Авторы: Ернат Мелсұлы

Сондай-ақ...