Оңтүстік Корея банкі базалық мөлшерлемені көтерді

Оңтүстік Кореяның Орталық банкі базалық мөлшерлемені 1,25 процентке дейін көтерген, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұған инфляция деңгейінің және жеке адамдардың несие бойынша қарыздарының өсуі себеп болған. Осылайша базалық мөлшерлеме пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Бұл туралы Корея банкінің басшысы арнайы мәлімдеді. Банктер бұл жолғы инфляция ұзаққа созылмайды деген әуелгі пікірден бас тарта бастаған. Оңтүстік Корея тауарлар мен қызмет көрсету құны 2021 жылы 2 жарым процентке өскен.

Ли Джу-Ёль, Оңтүстік Корея банкінің басқарушысы:

– Экономикасы үлкен елдердегі мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемелер омикрон таралуына байланысты төмендеді. Біздің елде де инфляциялық қысым күшейеді деп күтілуде. Сондықтан қаржылық қиындықтардан туындайтын қауіп-қатер көлемін азайтуға сұраныс бұрынғыша жоғары болып тұр.