АҚШ-тағы ереуілге оқушылар да қосылды

АҚШ-та мектептерді уақытша жабуды талап еткен мұғалімдермен бірге оқушылар да осыны сұрайды. Олар омикронның тез таралуына байланысты денсаулығы үшін алаңдайтынын айтып, ереуілге шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Наразылық акциясының қатысушылары биліктен онлайн оқуға көшуге рұқсат беруін сұрап отыр. Өйткені мамандар кейінгі уақытта вирус жұқтырғандар қатарында балалардың көбейгенін айтады. Соның салдарынан Лос-Анджелесте 130 мың оқушы жаңажылдық демалыстан кейін мектепке оралмаған. Өйткені вирус жұқтырған. Осы себепті өткен аптадан бері елде мұалімдердің ереуілдері толастамай тұр. Алайда билік білім беру мекемелерінің ашық болғаны дұрыс дегенді алға тартады. Себебі зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан балалардың психикалық денсаулығы мен оқу үлгерімі нашарлап кеткен. 

Джейден Хортон, оқушы:

– Біз қашықтан оқығымыз келеді. Өйткені вирус жұқтырып аламыз ба деп қорқамыз. Әрине онлайн оқу мектептегідей болмайды. Алайда қазіргі жағдайда бұдан басқа амал қалмай отыр. Біз былтырлары да осылай қашықтан оқыдық қой.