476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та пойыз тонаушылар көбейді

  • 152
  • UPD: 13:25, 15.01.2022
АҚШ-та пойыз тонаушылар көбейді

Лос-Анджелесте жүк пойыздарын тонаушылар көбейген, деп хабарлайды Хабар 24.

Соның кесірінен мыңдаған америкалық тапсырыстарын уақытылы ала алмай, әлекке түсіп жатыр. Қаскөйлер пойыздардың аялдауын не баяулағанын күтіп, оңтайлы сәтті пайдаланады. Олар қораптарды өздерімен бірге тасып жүрмейді. Контейнерлерді сол жерде бұзып, құнды заттарды қолды етеді де керексіз дүниені бей-берекет шашып кете береді. Салдарынан теміржол бойы қоқыс алаңына айналған. 

Адам Родригес, темір жол компаниясының өкілі:

– Менің компанияда жұмыс істеп жатқаныма 8 жыл болды. Алайда мұндайды алғаш көруім. Пойыздар қозғалып келе ме, тоқтап тұр ма, қарақшыларға бәрібір. Олар вагондардың үстіне секіріп, ойларына келгендерін істейді. Контейнерлердің құлыптары әлсіз. Олар соны пайдаланады.

Хабар 24 телеарнасы