Ревакцинация індеттің ауыр формада өтуінен қорғайды – Италия мамандары

Вакцинаның екі компонентін, оған қоса үшінші дозаны салдыру корнавирусты жұқтырудан 68,8 процентке, ал індеттің ауыр формада өтуінен 98 процентке қорғайды. Италияның денсаулық сақтау институтының мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Айта кеткен жөн, қазір елде омикрон басым штамға айналды. Деректердің 80 проценті осы мутациямен байланысты. Науқастардың дені – 20 мен 29 жас аралығындағы азаматтар. Жасы 80-нен асқандар арасында вирус жұқтыру оқиғалары аз. Сарапшылар мұны қарттар арасында вакциналаудың жоғары деңгейімен түсіндіріп отыр.