Президент Байден Техастағы оқиғаны лаңкестік деп бағалады

Президент Джо Байден Техастағы сина-гогада болған жайтты терорллық акт деп мәлімдеді.

Ақ үй басшысының айтуынша, күдікті қаруды қайдан алғаны әзірге белгісіз. Көшеден тауып алған да болуы мүмкін, – деді Байден.

Еске сала кетейік, қаңтардың 15-сі күні ер адам Техастың Колливиль қаласындағы синагогаға басып кіріп, 4 адамды кепілдікке алған болатын. Күдікті ғибадатханада бомба қойылғанын айтып, 2001 жылы АҚШ-тағы лаңкестіктен кейін қамауға алынған пәкістандық Аафия Сиддикиді босатуды талап еткен.

10 сағатқа созылған келіссөз еш нәтиже бермеген соң арнайы жасақ сина-гогаға шабуыл жасап, күдіктінің көзін жойды. Кепілдегі адамдар босатылады.

Артынан қылмыскердің 44 жастағы Малик Акрам есімді британдық екені белгілі болды.