Тынық мұхитында атқылаған жанартау бірнеше елге қауіп төндіріп тұр

Тынық мұхитында атқылаған жанартау бірнеше елге қауіп төндіріп тұр

Тынық мұхитында атқылаған жанартау, бірнеше елге қауіп төндіріп тұр. Перуде 2 адам опат болған. Канада мен АҚШ-тың батысында цунами қатері жарияланды.

Аймақта боран соғып, ағаштарды құлатып жатыр. Электр сымдары үзіліп, жолдар жабылған. Джорджия, Флорида, Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарында, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Соңғы күндері жауған қардың қалыңдығы 30 сантиметрге жетіп, коммуналдық қызмет тазартып үлгере алмай жатыр.

Рей Купер, Солтүстік Каролина штатының губернаторы:

– Штатта 4100-ден астам үй мен жеке нысан жарықсыз отыр. Соған орай, жылу да өшті. Өкінішке қарай, электр желілерін қалпына келтіріп үлгере алмай жатырмыз. Керісінше, жарық өшу оқиғасы көбеюі мүмкін. Жарықсыз және жылусыз қалған тұрғындар үшін шұғыл арнайы орталықтар әзірлеуге кірістік.

ЖАНАРТАУ ДАБЫСЫ МЫҢДАҒАН ШАҚЫРЫМНАН ЕСТІЛГЕН

Атқылаған жанартау ошағына ең жақын ел – Тонга. Абырой болғанда, арал-мемлекетте, табиғи апат салдарынан адам шығыны тіркелген жоқ. Жанартау негізі ондаған жылдар бойы белсенділік танытып келіп, осы жолы ғана оянған. Оның атылған дабысы, мыңдаған шақырым жерден естілген.

ЦУНАМИ ТОЛҚЫНЫ 1 МЕТРДЕН АСТЫ

Тонга аралындағы жанартау атқылауынан кейін Жапонияда биіктігі, бір метрден асатын цунами пайда болды. Осыған байланысты 230 мың тұрғынды, кауіпсіз жерге көшірілді. Табиғат апатынан 10-нан астам кемеге зақым келді. Кейінгі мәлімет бойынша, қазір Жапонияға, цунамидің қайта пайда болу қаупі төніп тұрған жоқ.