АҚШ-та вирус жұқтырған бала саны күрт артты

АҚШ-тың Джорджия штатында омикрон балаларды айналдырып тұр.

Дәрігерлер кішкентайлардың ауруы көбіне жеңіл түрде өтетінін айтады. Ал оның өршуіне жасы 5-ке толмаған балаларға екпе салынбайтындығынан болуы мүмкін деп отыр. АҚШ-та соңғы апталарда індеттің таралуы күрт артқан. Кеше 1 миллион 350 мың адам вирус жұқтырған. Індеттің өршуіне байланысты билік дертпен күресу үшін, ауруханаларға жүздеген әскери дәрігер аттандырды.

Карен Уилсон, мейірбике:

– Жаңа жылға дейін біздің ауруханамызға вирус жұқтырып түскен балалар көп болмаған еді. Бірақ мерекеден кейін індет жұқтырған кішкентайлар қарасы артты. Әсіресе, омикронды жұқтырып алған балалар көбейді.