Солтүстік Корея әлемді тағы шошытты

Солтүстік Корея Жапон Шығыс теңізі жаққа тағы снаряд атты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ресми Сеулдің мәлімдеуінше, ұшырылған баллистикалық зымыран болуы мүмкін. Геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты Жапония премьер-министрі кеңсесі жанынан Дағдарыс штабын құрды. Өйткені Солтүстік Корея жыл басталмай жатып осымен төртінші рет әлемді шошытты.

Қаңтардың 5-і мен 11-інде гипердыбысты зымыран, ал өткен жұма күні теміржолдан тағы бір үлкен оқ-тұмсық атылған.

Хирокадзу Мацуно, Жапония үкіметінің Бас хатшысы:

– Солтүстік Кореяның іс-әрекеті Жапония мен аймақтағы, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр. Біз мұны қатаң айыптаймыз. Адамдардың өмірін қорғау мақсатында ақпарат жинап, оны талдап, мониторинг жасауды жалғастыра бермекпіз.