Испанияда дәстүрлі атпен оттан секіру мерекесі аталып өтті

Испанияның Сан Бартоломе де Пинарес қаласында дәстүрлі атпен оттың үстінен секіріп өту мерекесі аталып өтті. Шараға 100-ден аса атсүйер қауым жиналды.

Мерекеге қатысушылар жануарларымен оттан секіру жоралғысын жасап біткен соң, би билеп ән салды. Халық арасында Атпен оттан секіру жануарларды жыл бойы, ауру мен жарақаттан сақтайды деген түсінік бар. Тұрғындар індетке байланысты тоқтап қалған мерекенің қайта өткізілуіне, қуанышты екендерін айтып жатыр.

Альберто Мартин, мерекеге қатысушы:

– Мен үшін бұл - жылдағы ең екреше күн. Әсірсе осы жерде туып өскен тұрғындар үшін оның маңызы зор. мен оған  кішкентайымнан қатысып келемін.  Былтыр коронавирустан жинала алмап едік. Сондықтан биыл оны атап өтіп жатқанымызға өте қуаныштымын.