Еуропа мен Азияны жалғап тұрған Суэц каналы кеңейтіліп жатыр 

Еуропа мен Азияның арасын жалғап тұрған әлемдік деңгейдегі маңызды өткел – Суэц каналын кеңейту және тереңдету жұмысы 2023 жылдың шілдесінде аяқталады. Бұл туралы Дубайда су арнасы басқармасының төрағасы мәлімдеді.

Былтыр «Евә Грин» контейнер тасығышы өте алмай, қайраңдап қалғанда жаһандық экономика күніне 9 миллиард 600 миллион, сағатына 400 миллион доллар зиян шеккен болатын. Ең тар және таяз деген осы тұстың ені енді 40 метрге кеңейтіліп, түбі 27 метрге тереңдетіледі.

Осама Раби, Суэц каналы басқармасының төрағасы:

– Каналды кеңейту және тереңдету жұмысы кемелердің айналаны барлау мүмкіндігін 28 процентке арттырады. Бұл жобаны былтыр шілдеде бастағанбыз. Біз осы канал арқылы өтетін су көліктерінде қай елдің туы желбіреп тұрғанын мүлде елең қылмаймыз. Ешқандай кемсіту жоқ. Иран мұнайы да Суэц арнасы арқылы тасымалданып жатыр.

 

Сондай-ақ...