Абу-Дабиде мұнай өнімдері тиелген үш көлік жарылды

Дүйсенбіде Абу-Дабидің өндірістік аудандарының бірінде жойқын өрт болды.

Нәтижесінде мұнай өнімдері бар кемінде үш көлік жарылды, деп хабарланды Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астаналық полиция қызметінің Twitter-дегі парақшасында.

«Бүгін таңертең Эль-Мусафф аймағында өрт шығып, жанармай сақтайтын резервуарлардың жанында орналасқан үш жанармай цистернасы жарылды. Абу-Даби халықаралық әуежайы маңындағы құрылыс алаңында да өрт тіркелді. Ешкім зардап шеккен жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша, өртке ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта өртті сөндіру және болған жайттың мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде.