Грузияда қалың қар көлік қозғалысын шектеді

Грузияға қалың қар жауып, бірқатар аймақтағы тас жолдар жабылып қалды. Батумиде қатты дауылдан Қара теңіз жағалауындағы курортқа біршама шығын келген.

Аджариядағы ақ ұлпаның қалыңдығы 1 метр биіктікке дейін жетеді. Қалың қардан кейбір жерлерде электр энергиясы торабы бүлінген. Имеретия, Рача және Сванетия аймақтарында да жағдай осындай. Кейбір күре жолдарда көктайғақтан жүк көліктерінің жүруі шектелген.

Синоптиктерідң болжауынша, қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасады. 

Георгий Церетели, Грузия автомобиль жолдары департаментінің басшысы:

- Қалың қардан ірі тас жолдарда қозғалыс қиындап, жүк көліктерінің жүруі шектелген болатын. Қазір жолдар қардан тазалынып, ашылып жатыр. Жүргізушілерге жылдамдықты асырмай барынша абайлап жүру керектігі ескертілуде.