Малайзия пандемияның аяқталғаны туралы жариялайды

Малайзия билігі алдағы 2-3 аптада елде коронавирус пандемиясының аяқталатынын жариялайды.

Сөйтіп, қауіпті дерт осы өңірге тән ауру түрі деңгейіне ауыстырылады. Бүгінге дейін Малайзияда коронавирусқа қарсы екпені азаматтардың 97 проценті алып үлгірген. Яғни шамамен 22 миллион адам егілген.