Өзбекстанда әуежайдағы жолаушылар жедел ПТР-тест тапсыруға міндеттелді

Ташкент халықаралық әуежайында бірнеше күннен бері ұзын-сонар кезек. Ел үкіметі жолаушылардан ақылы экспресс-тест тапсыруды талап етеді.

Әуе қақпасында жылжымалы зертханалар жетіспейді. Ақша айырбастау орындары да аз. Ал экспресс-тест төлемі тек жергілікті валютада қабылданады. Жолаушыларда, әсіресе шетелден барған меймандарда өзбек сумының болуы сирек жағдай. Салдарынан ұзын-сонар кезек тек сынама тапсыратын жерде емес, ақша айырбастау орындарында да бар. Көпшіліктің айтуынша, қолдарында теріс нәтижелі ПТР анықтамасы бола тұра, қосымша экспресс-тест тапсырту қисынсыз.

БЛИЦ:

- Кезегің келем дегенше, вирус жұқтырып алу қаупі бар. Екі рет тест тапсырдым. Ұшар алдында және осында келген соң. Өте қолайсыз ереже.

- Адамдар дайын ПТР сынамамен келеді емес пе?! Ұшар алдында тапсырған жеткілікті деп ойлаймын. Мұның үстіне жолаушылардың көбінде электронды вакцина паспорты бар.

- Ақша жағынан қолайсыз. Екі рет тапсырған қалтаны қағып түсіреді.