Әлемде бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Коронавирус әлеуметтік теңсіздікті күшейтті. Кедейлік мәселесімен айналысатын Oxfam ұйымының айтуы осындай, деп хабарлайды Хабар 24.

Ондағы дерекке сәйкес, 2020 жылдың көктемінен бері әлемдегі ең бай 10 адамның дәулеті 700 миллиард доллардан 1,5 триллон долларға артқан. Яғни үздік ондықтың байлығы 2 жарым есе өскен. Ал осындай байшыкештер жүрген жер бетінде күн сайын аштық, гендерлік теңсіздік пен медициналық көмекке қол жеткізе алмай 21 мың адам көз жұмады екен. Oxfam-ның атқарушы директоры Габриэла Бухер бұл мәселені шешудің амалы бай-манаптарға тапқан табысына қарай салық салу керек дейді. Ал сол байларымыз кім? Қазір әлемдегі ең табысы көп адам Тесла компаниясының негізін салушы Илон Маск. Екіншісі – Амазонның қожайыны Джефф Безос. Үшіншісі – Луи Виттонның бас директоры Бернар Арно.

Сондай-ақ...