Коронавирусқа қарсы екпе салдырудан бас тартқан қарттарға айппұл салынады деп хабарлайды Хабар 24.
Грекия 60-тан асқан азаматтарға осындай талап қойып отыр. Айыппұл мөлшері – 100 еуро. Ел билігі бұл егде жастағы адамдарды індеттен қорғаудың амалы дейді. Себебі ресми статистикаға сәйкес, ковидтен көз жұматындардың көбі 60-тан асқандар. Жалпы бүгінде Грекиядағы қарттардың 90 проценті екпе салдырған. Қалған 10 проценті оған қарсы.
