Канадада қалың қар түсіп, боран ұйытқып тұр

Канаданың Торонто және Онтарио қалаларында ақ түтек боран, деп хабарлайды Хабар 24.

Қалың қар жолдар мен көліктерді басып қалған. Коммуналдық қызмет ештеңеге үлгермей жатыр. Тұрғындар көшедегі омбы қарды өздері аршып әлек.

Қоршаған орта министрлігінің мәлімдеуінше, Торонтоға жауатын қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетуі мүмкін. Қаладағы автобустар толық тоқтап, әуежайдағы рейстердің 30 проценті кейінге шегерілген.