АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты мұз құрсауында қалды

Солтүстік Каролина штатында тас жолдың бетіне мұз қатып, жалтырап жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Аумақта 300-ге жуық жол апаты тіркелді. 800 адам шұғыл көмек сұрап, жедел желіге хабарласқан. Бұл аймақта бұған дейін  «Иззи» бораны соғып, 90 мың тұрын жарықсыз қалған. Сондай-ақ мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді.