Солтүстік Кореяда снарядтардың не үшін атылғаны белгілі болды

КХДР тарапынан атылған снарядтың мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігі коммунистік елдің Орталық телеграф мекемесіне сілтеме жасай отырып, әлемді алаңдатқан кешегі оқиғаның тактикалық тұрғыда басқарылатын зымырандардың сынағы екенін хабарлады. Зымырандар көзделген нысанаға дөп тиген. Бұл Корея Халықтық Демократиялық Республикасының жыл басынан бері атқан төртінші снаряды.