Франция президенттігіне үміткер Э.Земмурға айыппұл салынды

Париж соты Франция президенттігіне үміткер, әсіре ұлтшыл Эрик Земмурға 11 мың доллар айыппұл салды, деп хабарлайды Хабар 24.

Фемида өкілдері оны өшпенділікті тудырды деп айыптады.

Айта кетейік Земмур былтыр «Си-Ньюс» телеарнасында елге келген мигранттарды зорлаушы және кісі өлтірушілер, ал балаларын ұрлықшы деп айыптап, оларды кері қайтару керек екенін айтқан еді. Айыптаушы жақ бұл тым өрескел әрі сөз бостандығына қайшы деп тапқан. Ал Земмур болса, сот елдегі сөз еркіндігін шектеп отыр деп, айыппен келіспейтіндігін білдіріп отыр.

Эрик Земмур, президенттіке үміткер:

– Мен әрине соттың шешімін қайта қарауды талап етіп, шағымданамын. Өзімнің мәлімдемемнен бас тартпаймын. Себебі менің білуімше, ата-анасынан бөлек өзге елде жүрген балаларды кері қайтару – адамгершілік тұрғысынан ең дұрыс шешім. Тағы қайталап айтамын адамгершілік тұрғысынан ең дұрысы осы.