Пәкістанда коронавирусты дәстүрлі Қытай медицинасымен емдейді

Пәкістанда коронавирус жұқтырғандарды дәстүрлі Қытай медицинасымен, яғни шөппен емдеу клиникалық сынақтан өтті.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша ол сәтті аяқталған. Сынаққа үйде емделіп жатқан 300 науқас қатысты. Препарат 82 проценттік тиімділігін көрсеткен. Енді мамандар аталған дәріні ауруы жеңіл немесе орташа деңгейдегі науқастарға ұсынады. Қазір Пәкістанда күн сайын вирус жұқтырудың 5 мыңнан астам дерегі тіркеледі. Кейінгі бір аптада науқастар қатары 170 процентке артқан. Өлім-жітім көрсеткіші де жоғары. 

Сондай-ақ...