Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына билеттер көпшілікке сатылмайды

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына билеттер коронавирустың таралуына байланысты көпшілікке сатылмайды, деп хабарлады ұйымдастыру комитеті. Билеттер «нысаналы топқа» ғана қолжетімді болады, дегенмен әзірге толық ақпарат жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абу-Даби БАӘ астанасына келушілерден COVID-19 ревакцинасынан өткендігін растайтын құжатты ұсынуды талап етеді. Жаңа ережелер «омикрон» штамының таралуынан туындаған COVID-19 ауруының күрт өсуіне байланысты қабылданды.

Оңтүстік Африка астанасындағы Претория хайуанаттар бағындағы арыстандар мен пумалар пандемия кезінде коронавирустың ауыр түрлерімен ауырды. Жануарлар вирустың асимптоматикалық түріне шалдыққан саябақ жұмысшыларынан жұқтырды. Зерттеушілердің пікірінше, жануарлар коронавирустың жаңа штамдарының пайда болуы үшін резервуар бола алады.