Испаниядағы қарттар үйінде өрттен бес адам көз жұмды

Испанияның Монкада қаласындағы қарттар үйінде болған өрттен кемінде бес адам көз жұмған.

Оқиға сәрсенбіге қараған түні болды. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі орталық өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Қызыл жалыннан тағы 11 адам жарақат алып, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

Өрт себебі анықталуда.