Нью-Йоркте жарылыстан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті

Нью-Йоркте жарылыстан ғимараттың бір бөлігі опырылып түсті
Twitter

Нью-Йорктегі Бронкс ауданында 18 қаңтар, сейсенбі күні көп пәтерлі үйде жарылыс болды. Нәтижесінде әйел адам қайтыс болды, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы оқиғаға газдың жарылуы себеп, содан кейін ғимарат өртене бастаған.

Жоғарыда айтылғандай, 77 жастағы марқұмнан бөлек оның 82 жастағы әпкесі ауыр жарақат алды. Ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Сондай-ақ жарылыс кезінде ауыр жарақат алған көрші үйдің 68 жастағы тұрғыны ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар зардап шеккендердің ішінде бес полиция қызметкері бар - олар тұрғындарға көмектесу үшін жанып жатқан ғимаратқа кірген. Тәртіп сақшылары түтіннен уланған, қазір олардың жағдайы тұрақты.

Оқиға орнында 200-ге жуық өрт сөндіруші мен жедел жәрдем қызметкері жұмыс істеп жатыр.