Әлемде жұмыссыздар саны артып барады

Биыл әлем бойынша жұмыссыздар қатары 207 миллион адамға жетеді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымына қарайтын Халықаралық еңбек ұйымы хабарлады.

2 жыл бұрын екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер саны 186 миллилонды құраған болатын. Жұмыссыздықтың артуына коронавирус тікелей әсер еткен. Бірақ сарапшылар пандемияның еңбек нарығына ықпалы әр елде әртүрлі дейді. Мысалы, жан басына шаққандағы табысы жоғары мемлекеттердегі жұмыс күшінің қалпына келуі, кедей жұртқа қарағанда бірнеше есе жылдам жүріп жатыр. Ғаламдық жұмыссыздық кемінде 2023 жылға дейін сақталмақ.

Сондай-ақ...