Израиль газы Түркия арқылы Еуропаға өтуі мүмкін

Түркия 2010 жылдың мамырынан бері қырғиқабақ болып келген Израильмен қарым-қатынасын жақсартуы мүмкін.

Президент Реджеп Тайип Ердоған осылай деп мәлімдеді. Бұған басты себеп Жерорта теңізінің Израильге тиесілі шығыс бөлігінде өндірілетін табиғи газды Түркия аумағы арқылы Еуропаға жеткізу. Жоспар бойынша ұзындығы 1900 шақырымды құрайтын құбыр жылына 10 миллиард көгілдір отын тасымалдай алады. Бұл Еуропаны Ресей газынан тәуелділіктен құтқармақ.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 12 жыл бұрын Израиль әскері Газа секторына гуманитарлық көмек апара жатқан түрік кемесіне шабуыл жасап, 10 белсендіні өлтірген болатын.

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Бұған дейін Израиль газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізу бойынша біраз жақсы әңгіме болған. Осы келіссөзді жаңғырта аламыз. Дәл қазір Израиль президенті Герцог мырзамен сөйлесіп жатырмыз, ол Түркияға келуі де мүмкін. Бұл жобаны Израиль премьер-министрі Беннет мырза да қолдап отыр.