Рио-де-Жанейро әйгілі карнавалға дайындалып жатыр

Елде коронавирустың қаупі артқанымен билік самба мектептері жарысын өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл шара ақпанның айының соңғы аптасында өтуі керек. Бірақ сақтық шаралары қатаң сақталады дейді билдік өкілдері. Сол себепті көшеде шеру өтпейді, сауық кештері болмайды.

Луиш Клаудиу Рибейру, самба мектебінің вице-президенті:

- Қазір бәріміз тұрақсыз әрі құбылмалы кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Соған қарамастан қала мэрі мен губернатор медицина мамандарымен бірлесе отырып, осы шараның барынша қауіпсіз өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімдімін.