АҚШ-та тұрғын үйдегі жарылыс соңы өртке ұласты

Нью-Йоркте үшқабатты үйде жарылыс болып, бір әйел көз жұмды, деп хабарлайды Хабар 24.

Тағы 10-ға жуық адам жарақат алған. Арасында полицейлер бар. Олар жарылыстан кейін өртенген ғимарат тұрғындарына көмектеспек болған. Оқыс оқиға салдарынан тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлаған. Төтенше жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратта газ жарылса керек. Жақында қаланың осы ауданында ұқсас оқиға болған еді. Ол кезде тұрғын үй өртеніп, 19 адам көз жұмған.  

Эрик Адамс, Нью-Йорк мэрі:

– Бронкс ауданында бірнеше күн бұрын ғана ұқсас қайғылы жағдай болғанын бәріміз де білеміз. Енді, міне, бүгін тағы да кісі өлімімен аяқталған оқиғаға тап болдық. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Құтқарушылар, өрт сөндірушілер мен полицейлердің тез әрекет етуінің арқасында көп адамның өмірін сақтап қалдық. Әйтпесе құрбандар саны әлдеқайда көп болар еді.

Сондай-ақ...