Испанияда қарттар үйі өртенді

Салдарынан 5 адам көз жұмып, 11-і жарақат алған, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқыс оқиға Валенсия автономдық қауымдастығында болған. Өрт түнгі уақытта басталған. Мамандар 25 адамды құтқарып қалған. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша оған оттегі блогындағы қысқаша тұйықталу себеп болуы мүмкін.