456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда коронавирусқа байланысты екі мың кеміргіштің көзі жойылады

  • 166
  • UPD: 23:35, 19.01.2022
Қытайда коронавирусқа байланысты екі мың кеміргіштің көзі жойылады

Гонконг билігі 2 мың аламанның көзін жояды, деп хабарлайды Хабар 24.

Арнайы әкімшілік ауданға кеміргіштің бұл түрін кіргізуге уақытша тыйым салды. Өйткені жергілікті зоодүкен қызметкері мен келуші коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тексеру кезінде вирус мұндағы 11 аламаннан да анықталған. Мамандардың айтуынша, адамдарға індет кеміргіштен жұғуы мүмкін. Енді билік кейінгі бір айда аламанды сатып алған тұрғындардан оларды кері қайтаруды сұрап отыр. Ал зоодүкеннің 150 қызметкері мен келушісі карантинге жіберілді. Коронавирусқа байланысты 2020 жылдың аяғында Дания билігі де миллиондаған қаракүзенннің көзін жойған еді.      

Лян Сиу-Фаи, Гонконг үкіметінің ауыл шаруашылығы, балық аулау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бөлімінің директоры:

– Біз зоодүкенде сатылатын түрлі жануарларды коронавирусқа тексердік. Алайда тек аламандарда ғана тест оң нәтиже көрсетті. Сол себепті біз оларға эвтаназия қолданамыз. Одан бөлек Гонконгта кеміргіштердің бұл түрін сататын барлық дүкендер уақытша жабылуы тиіс. Азаматтарға сақтық шаралары жайлы ұмытпауды еске саламыз. Яғни жануарларды ұстағаннан кейін міндетті түрде қолды жуып жүру керек.

Хабар 24 телеарнасы