Галапагос тасбақалары табиғат аясына жіберілді

Галапагос тасбақалары табиғат аясына жіберілді

Тасбақаны көбейту керек. Эквадорда 40-тан аса Галапагос тасбақасы табиғат аясына жіберілді.

Жергілікті мамандар оларды арнайы орталықта 8 жыл бойы өсіріп, күтіп баққан. Оларға мұндай күтім жасау бекер емес. Өйткені өткен ғасырда Галапагос тасбақалары жойылудың аз-ақ алдында қалған еді. 50 жыл бұрын олардың саны небәрі 3 мың шамасында болатын. Қазір қақорлықтың арқасында 19 мыңға жетті.

Айта кеткен жөн, Галапагос тасбақалары ұзынынан 2 құлашқа дейін жетсе, салмағы 400 келіден асады. Бауырымен жорғалаушылардың бұл түрі 175 жылға дейін өмір сүре алады.  

Вашингтон Тапия, эколог:

– Біз тасбақалардың жұмыртқасын инкубаторда 120 күн сақтаймыз. Онда арнайы температура орнатылады. Біз бауырымен жорғалаушылар үшін жабайы табиғатқа ұқсас жағдай жасаймыз. Мәселен, тамақты күнде бермейміз. Сонда олар табиғат аясына жіберілгенде, түрлі жағдайларға бейім болады