АҚШ-та мектеп автобусына шабуыл жасалды: жасөспірім көз жұмды

Көлікте екі адам болған. Жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды. Қазір полиция екі күдіктіні іздеуде.

Американың Питтсбург қаласында белгісіз біреулер мектеп автобусына шабуыл жасады. Жараланған 15 жастағы жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

Атыс кезінде автобус салонында тек оқушы мен жүргізуші болған.

Жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Ол медициналық мекемеде қайтыс болды.

Басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Полиция екі күдіктіні іздеуде. Тергеу жалғасуда.