Перу жағалауына мұнай төгіліп, экологиялық апат төнді

Перу билігі экологиялық апатқа алаңдаулы. Тонгада атқылаған жанартаудан кейін алып толқындар соғып, кемеден көл-көсір мұнай төгілді.

Шикізат 18 мың шаршы шақырымға жайылған. Бірнеше арал мен балық аулайтын аудандарға да зиян келген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Өткен сенбіде Тонгаға жақын орналасқан Хунга-Хаапай жанартауы атқылап, Тынық мұхитының тынышын алған еді. Асау толқын 10 мың шақырым жердегі Перу жағалауына дейін жеткен. Салдарынан зауытқа мұнай құйып жатқан алып кеме шайқалып, шикізат төгілген.

Румен Рамирес, Перудің қоршаған ортаны қорғау министрі:

– Жағаға 6 мың баррель мұнай төгілген. Одан келген шығынды анықтау үшін тікұшақпен шикізат төгілген аумақты аралап шықтым. Каверо, Баия-Бланка жағажайымен қатар Анкон жағажайын да қара дақ басқан. Сондықтан Репсоль компаниясынан шығынды өтеуді талап етіледі.

Сондай-ақ...