Мамандар «Омикронға» қарсы екпе мен бетпердені атады

«Вальнева» (Valneva) француз компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасы омикронмен күресте де тиімді болып шықты. Бұл туралы бірлестік басшылығы мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, екпе ковид-19-дың түпнұсқасымен бірге дельта және омикронға қарсы сыналған. Зерттеулер вакцинаның үш дозасы коронавирустың омикрон түрінен толық қорғайтынын көрсеткен. Ал америкалық сарапшылар коронавирустың осы түрінен қорғану үшін «Эн95» деп аталатын бетперде тағуға кеңес беріп отыр. Қорғаныш құралы арнайы материалдан жасалғандықтан, зиянды қалдықты 95 процент өткізбейтін көрінеді.

Абраар Каран, жұқпалы аурулар бойынша маман:

 – Бұл бетперденің медициналық және матадан жасалған түрлеріне қарағанда қорғаныш қабаты әлдеқайда мықты. Сондықтан оны омикрон көп таралған аймақтарда киюге кеңес береміз.

Сондай-ақ...