Шылым шегетін адамдар үшін коронавирус қауіпті

Шылым шегетін адамдардың коронавирустың ауыр түріне 2 есе жиі шалдығады. Жапон ғалымдарының зерттеулері осыны көрсетіп отыр.

Мамандар бұл үшін ковид-19ды жұқтырған 20 мен 80 жас аралығындағы 18 мыңға жуық науқасты бақылап, зерттеген. Нәтижесінде темекіге әуес жандардың дерті асқынып, өкпені жасанды желдететін аппарат жиі қолданылғанын анықтаған. Ғалымдар бұл адамның жүрегі мен өкпесіне шылымның кері әсері тиіп, иммунитеттің әлсіреуінен деп отыр.