Үндістанда бір тәулікте 318 мыңға жуық адамнан ковид анықталды

Үндістанда бір күнде 318 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Дәрігерлер кейінгі уақытта эпидахуал нашарлап кеткенін айтады.

Соңғы бір аптада ауру деңгейі 16 процентке артқан. Мамандар бұған омикрон себеп дейді. Кейбір өңірлер шектеу шараларын күшейткен. Мәселен, елдің оңтүстік-батысындағы Карнатака штатында 31 қаңтарға дейн коменданттық сағат енгізілген. Демалыс күндері түнгі клубтар, барлар мен көңіл көтеру мекемелері жұмыс істемейді. Мектептер онлайн оқуға көшкен.

БЛИЦ:

- Біздің барға түнгі 10-нан кейін жұмыс істеуге тыйым салынды. Алайда әдетте қонақтар тек 10-нан кейін ғана жинала бастайды. Сондықтан шектеу шараларынан бизнеске көп шығын келіп жатыр. Әрбір локдауннан кейін жұмысты қайта бастап, қызметкерлердің басын қайта қосу деген оңай шаруа емес. Бірақ амал қанша? Денсаулық бәрінен де маңызды.

- Біз қазір қашықтан оқып жатырмыз. Достарым және  мұғалімдерді тек экраннан ғана көре аламын. Жүзбе-жүз кездесіп, мектеп ауласында ойнаудың орыны бөлек. Математика пәнінен қиналып жатырмыз. Өйткені мұғалімдер есептің бәрін компьютерде теріп біткенше біраз уақыт кетеді.