Беларусьте конституция жөнінен референдум өтеді

Беларусьте конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы референдум биыл 27 ақпанда өтеді.

Тиісті жарлыққа президент Александр Лукашенко қол қойды. Егер халықтың көп бөлігі елдің ата заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасын қолдаса, олар дауыс беру нәтижелері жария етілгеннен кейін 10 күннен соң күшіне енеді.