Өзбекстанда мұнай-газ өндіруші компания басшылары қызметтен кетті

Өзбекстанның мұнай-газ өндіруші ұлттық компаниясының басшылары мемлекетке миллирдтаған сум шығын келтірді. Ол аздай, жұмысқа тек жақындарын алған. Бұл туралы елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органы хабарлады.

Былтыр кәсіпорынның 720 млрд сумды мақсатсыз және дұрыс игермегені анықталды. Құзырлы орган 28 қылмыстық іс қозғап, кінәлілерді жауапқа тартты. Шығынның біршама бөлігі мемлекетке қайтарылды. Ал өңірлік мұнай базаларының басшылары қызметінен босатылды. Жалпы компанияда еңбек ететіндер арасында туыстық байланыс көп. Олардың басым бөлігі анықталып, таныс-тамырлықпен жұмысқа тұрғандар қызметтен қуылды.