Зара Резерфорд жеңіл ұшақпен дүниежүзін айналып шыққан ең жас ұшқыш атанды

Бельгиялық Зара Резерфорд жеңіл ұшақпен дүниені жалғыз айналып шыққан ең жас ұшқыш атанды.

19 жастағы бойжеткен саяхатын 3 айға жоспарлаған еді. Алайда күннің қолайсыздығы мен қағазбастылықтан оның сапары шамамен жарты жылға созылды. Ұшқыш қыз 5 құрлықты басып өтіп, 52 елде болды. Резерфордтың ұшағы Бельгияның батысындағы Кортрейк-Вевельгем әуежайына қонған. Ол саяхатын дәл осы жерден бастаған болатын.

Зара Рутерфорд, ұшқыш:

– Кішкентайымнан ұшақты тізгіндеген әйелдерді аз көрдім. Бірақ өзіме деген сенім мықты болды. Болашақта авиация саласында нәзік жандыларды көп көргім келеді. Қолда бар мүмкіндікті мүлт жібермеу керек деп ойлаймын. 

Резерфорд саяхатын былтыр тамыз айында Бельгияның батысындағы Кортрейк-Вевельгем әуежайынан бастаған. Содан жарты жыл ішінде 51 мың шақырымды еңсеріп, 52 елді басып өтіпті. Бойжеткенніңендігі арманы – университетке түсіп, ғарышкер болу.