Карантиндік шектеулер Францияда ақпаннан бастап жеңілдейді

Коронавирус ушығып тұрған Францияда карантиндік шектеу шаралары ақпанның екісінен кейін жеңілдей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің шешімі бойынша, француздар түнгі клуб, концерт пен стадионға кіре алады. Аймақтағы кинотеатрлар да жұмысын жандандырмақ. Көшеде маска тағу режимі де жеңілдейді. Десе де қаңтардың 24-інен бастап елде вакцинация төлқұжаты енгізілмек. Онсыз қоғамдық орындардың көбіне жол жоқ. Ал дүйсенбіден бастап 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер бустерлік екпе қабылдай бастайды.