Ресей ешқашан украиналықтарға сес көрсетпеген – Сергей Лавров

Женевада АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалық дипломат бір жарым сағатқа созылған басқосу барысында ашық әңгімелесу болғанын жеткізді. Сондай-ақ Мәскеудің Украина мен НАТО-ға қатысты талаптарына келесі аптада жазбаша жауап қайтаратынын айтты. Өз кезегінде Сергей Лавров Ресейдің еш уақытта украиналықтарға сес көрсетпегенін атап өтті. Енді америкалықтардың жазбаша жауабынан кейін тараптар алдағы уақытта тағы да кездесуді жоспарлап отыр.  

Сондай-ақ...