Бейжіңдегі Олимпиада алауын алып жүру эстафетасына көрермен жіберілмейді

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының алауын алып жүру эстафетасы жабық түрде өтеді. Яғни көрермен қатыспайды. Тек ішінара таңдалған адамдар ғана жіберіледі.

Ұйымдастырушылар коронавирус таралып кетпеу үшін алдын ала қамданып, осындай шешімге келген. Ал Олимпиада 2 ақпанда басталады. Алау эстафетасына жергілікті тұрғындармен қатар шетелдіктер де қатысады. 

Ян Хайбинь, Бейжің спорт бюросы директорының орынбасары:

- Біз үшін қауіпсіздік мәселесі маңызды. Сондықтан Олимпиада алауын алып жүру эстафетасы өтетін орындарға көп адамның жиылуына рұқсат етпейміз. Қатысушылардың денсаулық жағдайы да жіті қадағаланады.